Коронавирус: Мұрын арқылы қабылдауға арналған әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей мұрын арқылы қабылдауға арналған коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны тіркеді. Бұл туралы Қазақстанда СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейде мұрын арқылы қабылдауға арналған коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді. Әлемде мұндай препарат бұған дейін болмаған. Мұрынға арналған вакцина екі дозадан тұрады және үш апта аралықпен енгізіледі. Қазіргі кезеңде вакцинаны 18 және одан жоғары жастағы адамдарға вакцинопрофилактиканы жүзеге асыратын медициналық ұйымдар жағдайында қолдануға рұқсат етіледі.

1 сәуірден бастап Берлинде барлық дерлік шектеулер жойылды. Келесі жексенбіде карантиндік талаптар Германияның басқа федералды жерлерінің басым көпшілігінде алынады. Өйткені қазір Германияда коронавирустың аса қауіпті емес «омикрон» нұсқасы таралуда. Екіншіден, Германия тұрғындарының 76 пайызы қазірдің өзінде толығымен вакциналанған, сондықтан инфекция болған жағдайда да ауру оңай өтеді. Үшіншіден, 20 наурызда елдің бұрынғы редакциядағы «адамның жұқпалы ауруларының алдын алу және оған қарсы күрес туралы» Заңының мерзімі аяқталды. Бұл заң ел билігіне маска тағуды талап етуге, вакцинация сертификаттарын енгізуге және басқа да шектеулерді қолдануға мүмкіндік берген еді.


Соңғы жаңалықтар