Коронавирус мұнай бағасының төмендеуіне әсер етіп отыр

None
None
БАКУ. Trend-ҚазАқпарат - Коронавирус індеті таралуының салдарынан әлемдік экономикалық белсенділіктің төмендеуі Еуропадағы Brent маркалы мұнайдың бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend ресурсына сілтеме жасап.

Әзербайжандық InvestAZ инвестициялық компаниясының апталық қорытындысына сәйкес, мұнай баррелінің құны 52 долларға дейін төмендейді деп болжануда. Бағаның динамикасына сәрсенбіде анықталатын АҚШ-тағы мұнай мен бензин қоры туралы маңызды мәлімет әсер етеді.

Сондай-ақ, InvestAZ сарапшылары халықаралық қаржы нарығындағы ахуал туралы айтты және қысқамерзімді болжамдарды ұсынды.

Қытайда табылған коронавирустың тез таралуы халықаралық валюта биржаларындағы белгісіздікті күшейтіп, долларға сұраныстың артуына алып келеді.

Сонымен, EUR / USD бағамы бойынша қазіргі уақытта курс бір еуро үшін 1,09 долларға дейін өзгеруі мүмкін деген болжам бар.

Сонымен қатар, инвесторлар дүйсенбіде АҚШ өнеркәсіп секторындағы іскерлік белсенділіктің маңызды фундаменталды көрсеткіштеріне, жұмада АҚШ-тағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне, сондай-ақ коронавирустың әлемдік экономикаға әсері туралы мәліметтерді анықтауға назар аударады.

GBP / USD курсы да дәл осындай себептер бойынша қысымға ұшырайды, егер фунт курсы 1,32 доллар белгісінен жоғары болса, тренд те өседі.

Қаңтарда келісілген брексит өткізілгеннен кейін инвесторлар ЕО-мен сауда келісімі бойынша келіссөздің нәтижесіне назар аударуда.

Түрік лирасының бағамында да төмендеу байқалады, ол бір доллар үшін 6,03 лира деңгейіне дейін жалғасуы мүмкін.

Дүйсенбі күні сағат 11:00-де Түркиядағы инфляция туралы ақпараттың шығуы инвесторлардың назарында.

Әлемде саяси және экономикалық тәуекелдердің болуы түсті металдар нарығында алтынға деген сұраныстың жоғары қалпында қалуына ықпал етеді.

Өткен аптада бір унцияның бағасы қайтадан көтерілді, енді 1588 долларға дейін жоғарылауы мүмкін деген болжам бар (грамы - 51,1 доллар). Сараптамаға сәйкес, егер баға тіпті осы деңгейге жетсе, онда бағаның өсуі 1600 долларға дейін жалғасуы мүмкін (грамы - 51,5 доллар).


Соңғы жаңалықтар