+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: Мобильді топтар жұмысқа қашан кіріседі

2020 жылғы 9 шілде 13:40
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Мобильді топтар жұмысқа қашан кіріседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халыққа кешенді медициналық қызмет көрсететін мобильді топтар қашан жұмысқа кіріседі? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, бүкіл еліміз бойынша емханалар жанынан халыққа медициналық қызметтерді кешенді түрде көрсететін 465 әмбебап мобильді топ құрылатын болады. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы 31 емхана жанынан әрқайсысында 2-3-тен мобильді топ құрылған.

«Жедел жәрдем стансаларында да мобильді топ құру үшін келісімшарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар қормен (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) келісімшартқа отырып, сол мобильді топтардың жұмысын қамтамамсыз ететін қаражат табуы керек. Нұр-Сұлтан қаласында мобильді топтар келісімшарт жасалғаннан кейін пайда болады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ол барлық емханада өкпе қабынуымен ауырған әрбір науқасқа учаскелік дәрігерлер антиботиктер мен қызу түсіретін дәрілерді беретіндігін айтты.

«Бұл дәрілерді рецептімен ақысыз алуға болады. Ол үшін учаскелік дәрігердің нұсқауы мен рецепті керек», - деді Ажар Ғиният.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT