Коронавирус матрицасы: Алматы қаласы «сары» аймақта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Матрицаға сәйкес Алматы қаласы «сары» аймақта. Қалған өңірлер «жасылда» тұр.

Кеше Алматы қаласы «сары» аймаққа ауысты. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

«4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Осы орайда біз әр азаматты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз», - деді Ержан Байтанаев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.



Соңғы жаңалықтар