Коронавирус: Маңғыстау облысында 17 блокпост қойылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Коронавирус індетінің тарауына тосқаул қою мақсатында Маңғыстау облысының аумағына 17 блокпост қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Блокпосттарда көліктерді тексеруге арнайы полиция департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен санитарлық дәрігерлер жұмылдырылмақ.

МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, блокпосттарда күні-түні кезекшілік қойылады. Сондай-ақ, дәрігерлер мен волонтерлер де бар.

«Нақты белгіленген себеп болмаса, көлік блокпосттан шығарылмайды. Егер өздігінен жүре алатын емделуге келе жатқан науқас болса, аурухананың берген нұсқаулығын көрсетіп қана өте алады. Ал, өзі жүре алмаса, қасына көмектесетін бір адамды алып жүруіне болады»,-деді МО полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Амангелді Халмұрадов.





Соңғы жаңалықтар