+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Коронавирус: Қызылордада бас санитар көпшілікті қонаққа бармауға шақырды

2020 жылғы 8 сәуір 13:40
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қызылордада бас санитар көпшілікті қонаққа бармауға шақырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова өңірде коронавирус инфекциясына байланысты қалыптасқан төтенше жағдай уақытында көпшілікті қонаққа бармауға және үйге қонақ шақырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыста елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны жөнінен алдыңғы үштікте тұр. Облыста осыған байланысты тиісті шектеу енгізіліп, Қызылорда қаласы мен бірқатар аудандарда карантин жарияланған.

«Айта кетерлігі, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғындардың 60-70 процентін жастар құрайды. Олардың тарапынан кейбір келеңсіз оқиғалар орын алып жатады. Мәселен. елордадан келген студент қыз ауылда достарымен басқосу өткізген. Соның салдарынан бірнеше адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Шағын ғана ауылдан 25 адамның қауіпті індетті жұқтыруы алаңдатады. Сондықтан біз осы бағытта карантин ережелерін қатаңдата түстік. Енді облыс аумағында 2-3 адам болып топтасып жүруге тыйым салынды. Өлім-жітім, тойға баруға болмайды.», - деді облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, аймақтың бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

Ол кейбір отбасылардың жақындары еліміздің түкпір-түкпірінде тұратынын білетінін айтып өтті.

«Олар жаназа мен тойлардан қалмауға тырысады. Қазір мұндай шаралар инфекцияның таралуына өте қауіпті болып тұр. Сондықтан тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Үй карантинін сақтаңыздар!», - деді Әлия Әбдіқайымова.

Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында 69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT