+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Коронавирус: Қызылорда облысында науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты

2020 жылғы 23 мамыр 23:58
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қызылорда облысында науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті Маңғыстау: Жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңартылды

Бүгін Қызылорда облысында коронавирус індетінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Олардан емі толық аяқталған соң 2 рет тест сынамасы алынды.

«Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті. Науқастар сырқатынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Індетті жеңген 4 науқас - Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазірге дейін Қызылорда облысында 278 адамға коронавмрус инфекциясы диагнозы қойылды. Сырқаттар арасынан 225 адам індеттен айығып шықты. Олардың 86-ы Кызылорда қаласында тұрса, аудандар бойынша Аралда - 6, Қазалыда - 3, Қармақшыда - 5, Сырдарияда - 26, Шиеліде - 66, Жанақорғанда - 31 адамды құрайды. Ал біреуі Ресей Федерациясының азаматы болса, тағы бірі Алматы тұрғыны.

Бүгін Қызылордада екі зейнеткер коронавирус инфекциясын жұқтырды .

Сондай-ақ, Қызылордада кейбір шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT