Коронавирус: «Қызыл» аймақта екі қала мен алты облыс тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 мамырдағы өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша:

«Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Еске сала кетсек, 30 сәуірде Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.



Соңғы жаңалықтар