Коронавирус: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 18 сәуіріндегі жағдайы бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймаққа» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.


Соңғы жаңалықтар