+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Коронавирус: Қытайда өтетін тағы бір олимпиадалық турнир өзге елге ауыстырылды

2020 жылғы 21 ақпан 13:37
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қытайда өтетін тағы бір олимпиадалық турнир өзге елге ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда өтетін Токио Олимпиадасына жолдама сарапқа салынатын тағы бір дода басқа елге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр 320 мыңнан астам қазақстандықтың банктегі шоттарынан шектеулер алынды Қазақстандық мамандар ай сайын коронавирусты анықтайтын 50 мың тест жасауға қауқарлы

Қытай таеквондо одағы коронавирустың таралуына байланысты 10-12 сәуір күндері Уси қаласында өтетін лицензиялық турнирді кейінге шегерген.

Алайда, Халықаралық таеквондо федерациясы Қытайдың Уси қаласында өтетін лицензиялық турнирді басқа елде өткізуге шешім қабылдаған.

Аталған жарысты өткізуге бірқанша қала үміткер болып, нәтижесінде электронды дауыс беру қорытындысы бойынша Иорданияның Амман қаласы құрлықтық іріктеу турнирін қабылдайтын қала болып қабылданды.

Халықаралық таеквондо федерациясы хабарлағандай, іріктеу турнирінің өтетін орны өзгергенімен уақыты бұрынғыдай 10-12 сәуір күндері болып қала бермек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирін Қытайдың Ухань қаласынан Амман қаласына ауыстырғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Спорт, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT