+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Коронавирус: Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды

2020 жылғы 25 ақпан 18:14
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Стенд ату: Қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасына таласады Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді Қазақстан дзюдодан Еуропа жастар кубогын сәтті бастады

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлады.

Негізгі жоспар бойынша Токио олимпиадасы қарсаңындағы аймақтық лицензиялық турнир Қытайдың Сиянь қаласында өтуі тиіс болатын.

Алайда, Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты бұл бәсеке Қырғызстанның Бішкек қаласына ауыстырылды.

Енді, күрес түрлерінен Азия аймақтық лицензиялық турнирі 2020 жылдың 27-29 наурызы аралығында Бішкекте өтетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бокстан 2020 жылғы Токио олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі мен таеквондодан 10-12 сәуір күндері Уси қаласында болатын тағы бір лицензиялық жарыстың өзге елде өтетіні туралы жазған болатынбыз .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Спорт, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT