Коронавирус Құдайдың жерге жіберген жазасы ма – ресейлік имам жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тележүргізуші Динара Сатжанмен өткізген Instagram-дағы тікелей эфир кезінде Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдинов коронавирусты Құдайдың жазасы деп жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір вакцинаға қарсы адамдар коронавирусты Құдайдың жазасы деп сипаттап жүр. Яғни, оған қарсы тұруға болмайды. Бұл туралы не айтасыз», - деп сұрады Динара Сәтжан.

«Құранда және хадистерде «өзіңізді өз қолыңызбен өлімге тастамаңыз» делінген. Яғни, қандай да бір қауіптен сақтана білу керек. Хадистерде: «емделіңіз» делінген. Біз емделуге, зиянды дүниеге қарсы тұруға міндеттіміз. Қандай жағдай болмасын, Құран мен хадисте адамға әрекет тән, бірақ ол әрекет қирататын болмауы керек. Құранда анық айтылған: «Игі істе бір-бірлеріңе көмектесіңдер, бірақ күнә мен қастықта емес», - дейді. Біздің қазір басымыздан өткеріп жатқан жағдай жаза емес, сынақ», - деді ресейлік имам.

Оның айтуынша, Жаратушы өмір мен өлімді адамдардың қайсысы жақсылыққа бейім екенін сынау үшін жаратқан.

«Яғни, біз әрекет етуіміз керек. Тіпті жануардың өзі қауіп төнсе, шамасы келгенше жауап береді. Ал біз жасампаздықпен әрекет етуіміз керек. Дұрыс түсіндіру керек. Ислам бойынша хадистерде алдағы күн туралы жаман белгілер жоқ деп нақты айтылған», - деді Шамиль Аляутдинов.


Соңғы жаңалықтар