Коронавирус: ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бірқатар шектеу шараларын қысқартты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер АЛЫП ТАСТАУ туралы бірнеше қаулылар қабылдады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:

«Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;

әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Бесінші. COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарда жасыл мәртебенің қолданылу мерзімі 6 aйға дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар