Коронавирус: Қостанайлық дәрігерлер өңір тұрғындарына үндеу жасады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көбеюіне, облыстың «қызыл»аймаққа өтуіне байланысты Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы барлық қажетті карантиндік шараларды (дистинфикация, дезинфекция, гигиена, маскалар) сақтауға шақырады. Өйткені, әр тұрғынның қатысуынсыз қажетті нәтижеге қол жеткізу қиын болмақ», - делінген үндеуде.

Аймақтық ақпараттық штабтың мәліметтері бойынша, 2021 жылы 10 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-ның 81 жағдайы тіркелді, тәулігіне сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,46% құрады. Елді мекендердегі ауру келесідей бөлінді: Қостанай - 40, Рудный - 16, Арқалық - 13, Жітіқара - 5, Майлин және Қарабалық аудандарының әрқасысында 2 жағдай, Сарыкөл, Қарасу және Қостанай аудандарында 1 жағдай. Ал 65-і өз бетімен келіп қаралғандар, 11-і коронавирус инфекциясының расталуына байланысты, 5-еуі алдын алу мақсатында қаралғандар.

Ауру жұқтырғандардың 71-інің ауру белгілері бар, 10-ы симптомсыз.

Қостанай облысында 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап 2021 жылдың 10 шілдесіне дейін COVID-19-нің 17395 жағдайы тіркелді. Сауыққандар саны - 16497.

Еске сала кетсек, ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 10 шілдеде Қостанай облысы CVI таралуының «сары» аймағында болған.


Соңғы жаңалықтар