«Коронавирус кет, кет» деп беташар жасаған тұрғын қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз қаласында төтенше жағдай кезінде үйіне адамдар жинап, беташар ұйымдастырған 30 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, полиция қызметкерлері беташар жасаған асабамен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай оқиғаға жол бермеу керектігін ескерткен.


Қазіргі уақытта Тараз қаласының полиция басқармасы адамдар жиналатын орындарға күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде. Төтенше жағдай басталғалы полицейлер ТЖ талаптарын бұзған 15 кәсіпкердің үстінен әкімшілік іс қозғаған. Олардың сегізіне айыппұл салынып, екеуі ескерту алған. Бесеуі әкімшілік қамауға алынған.

Жамбыл облысының Полиция департаментін төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын ескермеген азаматтар жазасын алатынын ескертеді.


Фото: polisia.kz
Соңғы жаңалықтар