Коронавирус: Қазақстанның бір де бір облысы «қызыл» аймақта жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 5 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағалау матрицасы елде бір де бір облыстың «қызыл» аймақта жоқ екенін хабарлайды.

Әйтсе де, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.

Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.


Соңғы жаңалықтар