Коронавирус: Қазақстанда вакцина ала алатын 12-18 жастағы 1,7 млн бала бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова неліктен Pfizer-дің 4 млн дозасы сатып алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Pfizer ең алдымен, балалар мен жүкті әйелдерге арналғанын бұған дейін де айтқан едік. Өйткені, ол бұл санатқа кіретін адамдарды қорғайтын жалғыз вакцина болып тұр. Яғни, бұл өте әлжуаз топ саналады. Мұның үстіне коронавирус жүкті әйелдерде қаншалықты ауыр өтетіндігін де білеміз. Оны дәлелдейтін мәліметтер де қолымызда бар. Қазір балалар офлайн оқуға көшті. Демек, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі айтарлықтай артып отыр. Сондықтан ең бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдер екпе алады», - деді ол.

Осы ретте комитет төрағасы неліктен Pfizer-дің 2 млн адамға жететін 4 млн дозасын сатып алу келісімі жасалғанын түсіндіріп өтті.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде келісімі болған кезде вакцина ала алатын 12 мен 18 жастағы 1 млн 700 мың бала бар. Ал елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйел босанады. Осы сандарды қосқан кезде аталған санатқа кіретін халықты вакциналауға қажетті Pfizer дозасы шығады», - комитет төрағасы.


Соңғы жаңалықтар