Коронавирус: Қазақстанда тағы бір жарыс өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өтуі тиіс тағы бір жарыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир өтуі тиіс болатын.

Өкінішке қарай, 6 наурыз күні басталуы тиіс бәсеке коронавирус қаупіне байланысты кейінге шегерілді.

Алдағы жоспар бойынша халықаралық сынға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысуы керек еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ақпан айында Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылуы тиіс су добынан Азия аймақтық іріктеу турнирі мен ауыр атлетикадан Азия чемпионаты да өтпейтіні туралы жазған болатынбыз.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, коронвирус жұқтырған адамдар саны 100 мыңға жуықтаған. Бұл ауру кеңінен таралған елдердің алғашқы бестігіне Қытай (80 151), Оңтүстік Корея (5186), Иран (2336), Италия (2036) және Жапония (2830) енген.


Соңғы жаңалықтар