Коронавирус: Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 27 541 COVID-19 жағдайы тіркеліп отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда. Соңғы тәулікте 1 471 ауру тіркелді, оның 507 – симптоммен, 964-і – симптомсыз», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 10 962 адам немесе ауырғандардың 62 пайызы сырқаттан жазылып шықты.

«Еліміздің барлық стационарлық карантинінде 1 868 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. COVID-19 ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052, КВИ жұқтырып, амбулаториялық бақылауда 8 472 адам тұр», - деді Жұмабек Бекенов.


Соңғы жаңалықтар