+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: Қазақстанда 11 науқастың жағдайы ауыр

2020 жылғы 3 сәуір 16:25
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қазақстанда 11 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус инфекциясының белгісі бар 972 пневмония тіркелді Қазақстанда  2 079 адам коронавирустан емделіп шықты Елімізде 517 адам коронавирус жұқтырды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.

Министрдің айтуынша, дүние жүзінде коронавирус жағдайы нашарлап келе жатыр. Науқастар саны 8,4 пайызға өсті, әлем бойынша бұл індеттен 53 мың адам көз жұмған.

«Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 453 жағдай тіркелген. Оның ең көбі Нұр Сұлтан (199) және Алматы (93) қалаларында. 29 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазір 11 науқастың жағдайы қиын. Олар интенсивті реанимация бөлімдерінде ем қабылдап жатыр. 68 пациент - орташа деңгейде, 341 пациенттің жағдайы жеңіл немесе симптомсыз науқастар», - деді Е. Біртанов.

Осы науқастармен байланыста болған 13 467 адам анықталған. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кеткен.

«Қалған 13025 азаматтың 96,7 пайызы табылып, стационарға және үйге оқшауланды. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT