USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа шықты

2021 жылғы 5 ақпан 09:27
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда үш мегаполис пен 13 облыс «қызыл» аймақта тұр Коронавирус: «Жасыл» аймақта бір де бір өңір жоқ Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта тұр

5 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. Кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан бүгін «сары» аймаққа өтті.

«Сары» аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды облыстары бар.

Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Матрица жалпы Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.

Еске сала кетсек кеше ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT