09:14, 27 Қаңтар 2021 | GMT +6
Коронавирус: Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 26 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ.
Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр.
Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
Ал «сары» аймақта Қарағанды бар.
Жалпы Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан.
Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала - «жасыл» аймақта.