+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Коронавирус: Қазақстан «сары» аймақта тұр

2021 жылғы 25 мамыр 09:26
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қазақстан «сары» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,4% артты Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған СҚО-да коронавирустан қайтқандардың 78 пайызы - 61 жастан асқандар

Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан ауру көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде 104-орында, ал өлім-жітім бойынша 111-орында тұр. Қазақстанда 25 мамырда COVID-19-дың оң нәтижесімен 376 572 науқас, КВИ-дің теріс нәтижесімен 54 716 жағдай тіркелді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр. Ал еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа кіреді. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары.

«Батыс Қазақстан облысы «қызыл» және «сары» аймақтардың арасындағы шекарада тұр. «Сары» аймақта 6 өңір бар: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. Қалған бес өңір «жасыл» аймаққа кіреді», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT