+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Коронавирус: Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін азайтады

2020 жылғы 26 ақпан 13:00
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін азайтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін шектейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды Алматы облысында карантинге жабылған тұрғын үй кешеніне тегін азық-түлік жеткізе бастады

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді.

«Оңтүстік Корея қаупі жағынан 1 санатқа енгізілді. 1 наурыздан бастап 9 рейстен 3 рейске дейін азаяды. ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, өзге мемлекеттерді де қарастырып жатырмыз. Мәселен, Жапонияға аптасына екі рет рейс ұшады. Жолаушылар ағыны аз болғандықтан, әзірге еш қиындық жоқ», - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, Иран мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасына шектеу қойылады.

«Түркия, Пәкістан, Оман, Ауғанстан сынды елдер Иранмен әуе қатынасын уақытша шектеген еді. Өзге мемлекеттер бойынша шектеу қою мәселесін қарастырып жатрымыз», - деді бас санитарлық дәрігер.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда 1 146 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам көз жұмды. Иранда коронавирусқа қатысты 42 оқиға тіркеліп, оның 12-сі өліммен аяқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT