Коронавирус: Қазақстан өңірлеріне қонған ұшақ жолаушылары тексерілуі қажет пе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстан қалаларына ұшатын әуе рейстері жолаушыларын тексеру қажет пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алгоритм жалғыз және ол Қазақстанның барлық қалаларына бірдей қолданылады», - деп жауап берді ресми өкіл тілші сауалына.

Бұған дейін елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушының оқшауланып, тексеріліп жатқаны хабарланды.

Талдау нәтижесі бойынша оларды үй карантиніне жіберу немесе инфекция анықталған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызу туралы шешім қабылданады.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 56 науқас тіркелді. Нұрсұлтан қаласында 31 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында 1 адам.


Соңғы жаңалықтар