+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Коронавирус: Қазақстан неліктен Ресей вакцинасына басымдық беріп отыр

2020 жылғы 21 қазан 18:54
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қазақстан неліктен Ресей вакцинасына басымдық беріп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға қатысты күдік-күмәндерін бұған дейін британдық және италиялық ғалымдар білдірген болатын. Осыған қарамастан, Қазақстан неліктен осы елде жасалған вакцинаны таңдап отыр? Бұл сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді Коронавирусқа қарсы бүкіләлемдік вакцинация қашан басталады - иммунолог жауабы

«Расымен де, «СҚ-Фармация» компаниясымен және Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қоры арасында меморандум жасалды. Ол меморандумда клиникалық зерттеулердің барлық сатысынан өткен жағдайда ресейлік «Спутник-В» вакцинасын басым түрде жеткізу туралы айтылған. Яғни меморандум – нақты келісімшарт емес. Ол клиникалық зерттеулердің барлық сатысынан өткен жағдайда ғана, вакциналарды талдау кезінде «Спутник-В» вакцинасына басымдық бере отырып, қарастыруға кепілдік береді», - деді Марат Шоранов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізудің бірінші және екінші клиникалық сатылары соңына таяп келеді.

«Білім және ғылым министрлігімен ауқымды жұмыс жүргізілуде. Әлем елдеріне қарағанымызбен вакцинаны нақты қашан, қалай жеткізе алатын мемлекеттердің бары туралы айқын мәлімет жоқ. Көбі халықтың 20 пайызын вакцинамен қамту мүмкіндіктері барын алға тартып, сонымен қатар вакцинаның тиімділігі расталмастан алдын ала ақы сұрайды. Осыған байланысты, аталмыш мәселені кеңінен зерттеудеміз», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі бүкіл клиникалық зерттеулерді зерделеп, бағып отыратын арнайы жұмыс тобын құрған.

«Әлемдегі вакциналар бойынша барлық нұсқа зерттелуде. Алайда, алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, негізгі үміткер ретіндегі вакциналарды зерттеудің үшінші сатысы алғашқы тоқсанда (2021 жылдың) аяқталады», - дедіол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT