Коронавирус қайта өршіп кеткен елдер карантин енгізуде –Үкімет отырысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус қайтадан өршіп бара жатқан мемлекеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтыру және одан келген өлім бойынша әлемдік жағдай күрделі күйде қалып отыр. Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекетінде ауруды жұқтыру жағдайы артып барады. Мәселен өткен аптада коронавирусты жұқтыру жағдайы Италияда, Германия, Беларусь, Түркия және Еуропаның тағы басқа елдерінде байқалды. Ресейде індетті жұқтыру көрсеткіші 0,6-0,7 пайызға өсті. Бұл – Қазақстандағы көрсеткіштен қарағанда 10 есе көп», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша коронавирус қайта өршіп кеткен елдерде карантин қайтадан енгізіліп жатыр.

«Коронавирустың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы – карантин екенін осы жағдай көрсетіп отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар