Коронавирус қаупіне байланысты сәбилерге екпе жасау тәртібі өзгере ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 11 мамырдан бастап сәбилерге екпе жасау жұмысы жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 2 сәуірден бастап балаларға екпе жасату жұмысы тоқтатылған. Бірақ екпе тек зертханада жасалады. 11 мамырдан бастап екпе жасау қайта жанданады. Алайда балаларды үйіне барып екпе жасаймыз деп айта алмаймыз да, істемейміз де. Себебі екпеден кейін неше түрлі асқыну болуы мүмкін», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында.

Айта кетсек бұған дейін басқарма басшысы мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі мүмкін екенін айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар