Коронавирус қаупін жақындарымыздан айрылғанда ғана түсіне бастадық - Надежда Петухова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус індетіне байланысты өте күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың төрайымы Надежда Петухова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде коронавирус індетіне байланысты өте күрделі ахуал қалыптасып отыр. Індет басталған кезде ауруға шалдыққандардың көп болмауы халық арасында осынау жымысқы дерттің ауырлығы мен тосыннан келетіндігіне қатысты түсініктің қалыптаспауына себеп болды. Біз төтенше жағдай режимі аяқтала салысымен эпидемияға қарсы шараларды сақтауды қойдық. Бұл дәл қазіргі уақыттағы ауруға шалдығулар мен өлім-жітімнің өсіміне алып келді. Дәрігерлер өте ауыр жағдайда жұмыс істеуде. Шамадан тыс жүктеме мен психологиялық стресс салдарынан өздері де науқастанып жатыр», - деп жазды ол Facebook-парақшасында.

Осы ретте қауымдастық төрайымы Мемлекеттік комиссия елдегі індетпен ауырғандар санын төмендету мақсатында, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шешім қабылдағанын атап өтеді.

«Біз көрермен көп жиналатын ойын-сауық шараларына, отбасылық той-томалақтарға, салондар мен шаштараздарға, фитнес-клубтарға, діни нысандарға бару инфекцияның жылдам таралуына, ең қорқыныштысы өлім-жітім артуына алып келетіндігін айқын түсінуіміз керек. Өзімізді және жақындарымызды қорғайық. Ең құндымыз – бұл өмір мен денсаулық. Осынау шындықты біз жақындарымыздан айырылғанда ғана түсіне бастаймыз. Карантин шараларын сақтау, тазалық шараларын тыңғылықты орындау және болашаққа сеніммен қарау барлығымызға осынау күрделі кезеңді еңсеруге мүмкіндік береді», - деді Надежда Петухова.


Соңғы жаңалықтар