Коронавирус қаупі: Мағзұм Мырзағалиев оқшауланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус қаупіне байланысты оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мағзұм Маратұлы өткен жұма күні Денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келді. Сондықтан байланыста болған тұлға ретінде оқшауланды. Министр тест тапсырды, нәтижесі теріс. Апта соңында тағы тапсыратын болады. Дегенмен, ол барлық жұмыс жиналыстарын, келіссөздерді онлайн режімде өткізіп жатыр», - деді министрдің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы да оқшаулануға мәжбүр болып отыр.

Әріптестерімен бірге Асхат Аймағамбетов пен Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров оқшауланды.



Соңғы жаңалықтар