Коронавирус: «Қашықтан» жұмыс істеп жатқан қытайлық шаштараздардың видеосы пайда болды

None
None
ЛУЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қытайдағы шаштараздар COVID-19 басталған кезде клиенттерден қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін құралдарды таяқтардың ұшына орнатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 наурыз күні Сычуань провинциясындағы Лучжоу қаласындағы шаштараздардың түсірген қызықты видеода шаштараздар щеткамен, ұстарамен және шаш кептіргішті бір метрден астам таяқтардың ұшына орнатып, іске қызу кіріскендігін көруге болады.

Клиенттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, шаштараз осындай «алыс қашықтықта жұмыс істеу» әдісін ойлап тапты.

Шаштараз иесі «бұл идеям клиенттерді қатты қуантып жатыр» деген пікірде.


Соңғы жаңалықтар