+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Коронавирус: Қарулы Күштерде жеке құрамның 80 пайызы екпе алды

2021 жылғы 12 мамыр 04:37
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қарулы Күштерде жеке құрамның 80 пайызы екпе алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарулы Күштерде жеке құрамның 80 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті Бас санитар Алматының қайтадан «сары» аймаққа өту себебін түсіндірді Алматыда үнді штамының пайда болуына байланысты ревакцинация қажет пе

Қорғаныс министрлігіндегі аппарат кеңесінде өткен апта қорытындыланып, әскердің қазіргі тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер қаралды.

Сонымен бірге, биыл 1 маусымда басталатын жазғы оқу-жаттығу кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Бұл ретте әскерлерде командалық құрам нұсқау беру-әдістемелік сабақтарын, сондай-ақ техниканы, оқу-жаттығу материалдық базасын дайындау мен полигондарды оқ-дәрілер қалдықтарынан тазартуды ұйымдастырды.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігінің жай-күйіне назар аударды. Осы мақсатта ол күзет пен бейнебақылау техникалық құралдарының тұрақты жұмыс істеуін, бөгеттердің жарамдылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Жабдық істен шыққан жағдайда команда бойынша дереу баяндауға және ақаулықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға, ал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы ұтқыр топтар мен кезекші күштерді тез арада жұмылдыруға тиіс.

Бұдан өзге, лауазымды тұлғаларға жеке автокөліктерді әскери нысандар аумағына кіргізуге тыйым салу туралы басшылық бұйрықтары мен нұсқаулықтарының талаптары ескертілді. Бұл ереже мәртебесіне, лауазымдық жағдайына және қандай да бір құрылымдарға тиесілігіне қарамастан, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен қорғаныс министрінің өзіне де қатысты.

Бұл тәртіпті қамтамасыз етуге, диверсияға қарсы қорғаныс және жеке тұлғалардың заңға қарсы әрекеттерін алуға қажет.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы Күштердің қажеттіліктері үшін іске асырылатын мемлекеттік сатып алуды өткізуге жеке тоқталды. Бұрын жауапсыз өнім берушілер деп танылған субъектілердің конкурстарға «өтініш беру» жағдайлары жиі кездесетіні атап өтілді. Әсіресе армияны қару-жарақпен жабдықтау және әскери инфрақұрылым объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету сияқты маңызды салаларда бұған жол беруге болмайды. Аталған мәселені, қорғаныс министрі әскери техниканы сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып табылатын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Бас әскери-медициналық басқарманың бастығы COVID-19 індетін жұқтырғандар санының азайып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өткен аптада сырқаттану 39 пайызға төмендегені байқалды. Мұндай көрсеткіш жеке құрамды вакцинациялаудың нәтижесімен байланысты. 11 мамырдағы жағдайы бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдерінің 80%-дан астамы коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның үстіне, қалған 20 пайызы – қазіргі уақытта демалыста, ұзақ іссапарда жүргендер, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT