Коронавирус: Қарағандыда отбасымен ауруханаға түскендер көбейіп барады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының ауруханаларында 2 290 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Жансақтау бөлімінде 89 адам жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауруханаға жатқызылғандардың 99%-ы вакцина алмаған. Көбінесе ауруханаларға бүкіл отбасыларымен түседі.

«Отбасымызбен бірге вакцинациялауға үлгермедік. Ауруханаға анамызбен бірге түстік. Оның қант диабеті бар. Ауру өте қауіпті және сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз. Медицина қызметкерлеріне кәсібилігі үшін рахмет. Емделіп, қалпымызға келген соң міндетті түрде егілетін боламыз», – деді қарағандылық науқастардың бірі.

Ковидтік ауруханаларда дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Үнемі аралау, емдеу, сатурацияны тексеру қажет. Науқастарға тыныс алу жаттығуларын жасауға, көп сұйықтық ішуге және етбетімен жатуға кеңес беріледі.

«Қызыл» аймақтағы дәрігерлер қарағандылықтардан бір ғана нәрсе – екпе жасауды сұрайды. Вакцинацияланған адам коронавирус инфекциясын жұқтырса да, ауру әлдеқайда жеңіл болады.

Қарағанды облысында 19 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін 351 018 адам, екіншісін 197 253 адам алды.


Соңғы жаңалықтар