+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Коронавирус: Қарағанды облысында Центральное ауылы карантинге жабылды

2020 жылғы 20 қазан 20:51
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қарағанды облысында Центральное ауылы карантинге жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Центральное ауылында коронавирус инфекциясына байланысты карантин енгізілді. Індет Ресейдің Омбы қаласынан келген қонақта расталды. Байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар Жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылына карантин енгізілді. Блокпостар орнатылды. Карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды.

Ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады.

Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады.

Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланады.

Жергілікті билік өкілдері Қарағанды облысының тұрғындарына бетперде режимін, қашықтықты сақтау, сондай-ақ антисептиктерді пайдалану қажеттілігі туралы еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT