Коронавирус: Израильде алғаш рет індеттен ешкім көз жұмған жоқ, Үндістанда жағдай қиындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Израильде 10 айда алғаш рет тәулік ішінде COVID-19-дан бір де бір өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Бұған дейін 10 күн ішінде күнделікті өлім-жітім саны бес адамнан аспады, ал 22 сәуірде ол біреуге дейін азайды.

Қазіргі уақытта Израиль әлемдегі вакцинацияның ең жоғары деңгейіне ие.

Бейсенбіде елде вакцинаның екі дозасын қабылдағандардың саны 5 миллионнан асты. ⠀

Үндістан күніне алғаш рет коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

Өлім деңгейі мен жұқтырғандардың жалпы саны бойынша ол АҚШ-тан кейінгі екінші орында.

Бұл ретте елде халықтың 10% жуығы вакцинацияланды.

Германияда 300-ден астам қала мен округте карантин күшейтіліп, коменданттық сағат кешкі 10-нан бастап күшіне енеді.

Қатаң шектеулер кем дегенде маусым айының соңына дейін қолданылады.

Берлинде жағдайды вакцинация арқылы бақылауға алуға болады деп күтілуде.

Италияда кафелер мен мейрамханалар ашылуға дайындалып жатыр: дүйсенбіде олар алғашқы келушілерді қабылдай алады, бірақ әзірге тек террассада ғана рұқсат етілген.

Грекияда сенбі күнінен бастап сатып алушылар азық-түлік сатпайтын дүкендерге де кіре алады.

Бұған дейін олар тек тапсырыспен жұмыс істеген. Енді сауданы бұрынғыдай жасауға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, шаштараздар мен сұлулық салондары жұмысы қайта жанданды.


Соңғы жаңалықтар