Коронавирус: Италияда дүкендер жабылып жатыр

None
None
ЛОНДОН. ВВС - ҚазАқпарат – 12 наурыздан бастап Италияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен өзге сауда орындарының барлығы жабылып жатыр.

Еуропада басқа елдерге қарағанда Италия вирустан қатты зардап шегіп отыр. Елде коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны өсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC- ге сілтеме жасап.

Елдің премьер-министрі Джузеппе Контенің мәлімдеуінше, барлар, мейрамханалар мен шаштараздар да жабылады. Шектеу 25 наурызға дейін қойылған.

Елде мектептер, спорт залдары, музейлер, түнгі клубтар мен басқа да мекемелер жабық тұр.

Қазіргі уақытта Италияда 12 мың коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, қайтыс болғандар саны 827 адамға жетті.

Вирус «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылды.

Мәлімдемеде «Ювентус» клубының қазіргі уақытта команда ішінде барлық қажетті процедураларды жүргізіп жатқаны, соның ішінде Руханимен байланыста болғандарды оқшаулап жатқаны айтылған.

ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламалар жетекшісі Майкл Райанның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырған 900 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирустың таралуы пандемия деңгейіне жеткенін мәлім етті, себебі вирус көптеген елдер мен барлық құрлықты қамтыған.

Докторр Тедрос Гебрейесус ДДСҰ-ның жаңа коронавирусқа қарсы күрес кезінде бұған дейін берген кеңестерін өзгертпейтінін айтты. Ол үкіметтерді «шұғыл және агрессивті шаралар» қабылдауға шақырды.

ДДСҰ басшысының мәлімдемесінен кейін кейбір елдер вирустың таралуының алдын алу үшін шектеулерді қатаңдатты.

514 адам ауруға шалдыққан Данияда жұма күні барлық мектептер мен университеттер жабылады. Үкімет 100 адамның қатысуымен өтетін барлық шараларды тоқтатуға шақырды.

Үндістан 15 сәуірге дейін виза беруді тоқтатты. Гватемала бейсенбі күні Еуропа елдерінің азаматтарына елге кіруге тыйым салды.

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың таралуының алдын алу үшін 30 күнге Еуропа мен АҚШ арасындағы көлік қатынасын тоқтатынын жариялады.


Соңғы жаңалықтар