Коронавирус: Италияда бір тәулікте 550 адам көз жұмды

None
None
РИМ. ANSA - ҚазАқпарат – Италияның Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі тәулікте 40 902 адамның коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталғанын мәлімдеді. Бұл пандемия басталғалы тіркелген тәуліктік ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметі бойынша, коронавирустан 550 адам көз жұмды.

Бейсенбі күні 37 978 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 636 адам өмірден өткен болатын.

Пандемия басталғалы көз жұмғандар саны 44 139 мың адамға жетті. Аурудың белгісі бар 30 000-нан астам адам ауруханада жатыр.

Сондай-ақ, жұма күні коронавирустың бар-жоғын анықтайтын 254 000 тест алынып, рекордтық көрсеткішке жетті. Оның 16%-ынан инфекция анықталған.

Жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны, сауығып шыққандар мен мерт болғандарды қосқанда 1 107 3030 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар