Коронавирус: Италия мектептер мен университеттерді жауып жатыр

None
None
РИМ. ANSA-ҚазАқпарат – Италия Үкіметі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты наурыз айының ортасына дейін елдегі мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Вирустың жаңа түрінен көбірек зардап шеккен елдің солтүстік аймақтары қазірдің өзінде мектептерді жауып тастаған. Сонымен қатар мектеп мекемелері Ломбардия, Венето, Эмилия-Романьяда, сонымен қатар Пьемонт, Фриули-Венеция-Джулияда, Савон провинциясында, Лигурия, Пезаро-Урбино мен Маркада жабылған.

Сәрсенбі күні Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора кәсіби футбол матчтары мен ірі спорттық шараларды коронавирус туындатқан төтенше жағдайға байланысты жабық есік тәртібінде өткізетіндей Үкімет бұйрық шығаратыны жайлы мәлімдеме жасаған.

Италияның бас санитарлық дәрігері Анжела Боррелидің мәліметі бойынша бүгінгі таңда елде 2 263 адам коронавирус жұқтырған. 79 жағдай кісі өлімімен аяқталған. Сонымен қатар Италияда 160 адам коронавирустан жазылғанын да атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар