Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 283-ке жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«29 наурыз сағат 23:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Атырау облысында - 6 адам, Алматы облысында - 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 283 науқас тіркелді», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде. Айта кетейік, осы уақытта Ақтөбе облысында өтіп жатқан онлайн-брифингте өңірде коронавирус індетін жұқтырған тағы бір науқас анықталғаны мәлім етілді.
Соңғы жаңалықтар