Коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен азаматтарға «Халық алғысы» медалі берілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен Қазақстан азаматтары «Халық алғысы» медалімен наградталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ашық НҚА» порталында «Халық алғысы» медалі туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының жобасы орналастырылған.
Медаль туралы түсініктемеде коронавирус инфекциясына қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында осындай шешім жасалып отырғандығы аталып өткен.
Белгілі болғандай, медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне ҚР Парламенті палаталары, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер береді.
- Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған
- Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты
- «Қызыл» аймақтағы Павлодардың ауылдық жерлерінде коронавирус өршіп тұр
- СҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы өзгеріп, шектеу шаралары күшейді
-
Атырау облысында 71 адамнан коронавирус анықталды
-
Батыс Қазақстанда індет жұқтырған 28 адам жансақтау бөлімінде жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам