+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Коронавирус індет қаупі туралы «Сау болайық!» тележобасы эфирге шықты

2020 жылғы 5 тамыз 18:24
Бөлісіңіз:
Коронавирус індет қаупі туралы «Сау болайық!» тележобасы эфирге шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы коронавируспен күресудің жолдарын түсіндіретін тағы бір бағдарламаны эфирге шығарды. Корпорация құрамындағы «Balapan» телеарнасынан балаларға арналған «Сау болайық!» жаңа жобасы көрсетіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Balapan» телеарнасына - 10 жыл «Egemen Qazaqstan» Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау құқығын иеленді

Хабардың мақсаты - кішкентай көрермендерге денсаулыққа қатысты маңызды ақпаратты ойын түрінде бере отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Тұтас әлем коронавируспен күресіп жатқанда денсаулықты күту бірінші орынға шықты. Жоба кішкентай көрермендерге «денсаулық - зор байлық» екенін ұғындыруды мақсат етеді. Карантин режимінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы туралы түсіндіріп, спортпен дос болуға шақырады.

«Маусым айынан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан бес күн бойы тікелей эфирде «Теледәрігер» жобасы шыға бастады. Негізгі мақсат – ел тұрғындарына, әсіресе шалғай ауыл-аймақтағы көрерменге қазіргі күрделі ахуалға байланысты күнделікті медициналық кеңес беру. Дәрігерлер тікелей эфир барысында COVID-19 вирусы мен өзге де аурулардан сақтану мен алдын алу шаралары, емдеу тәсілдері туралы нұсқаулық береді. Алайда бұл тұрғыда балалардың да көкейінде түрлі сұрақтардың туындайтыны сөзсіз. Үлкендер өз алдына, балаларды індеттен қорғау - басты мәселе. Ол ата-аналардың жауапкершілігімен қатар, кішкентайлардың өзіне аурудың қаупін түсіндіре отырып жүзеге асырылатыны сөзсіз. «Balapan» арнасы осы іске атсалысуды көздейді. Бұл жоба «Қазақстан» телерадиокорпорациясының осы бағыттағы ақпараттандыру шараларының жалғасы», - делінген телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Сау болайық!» тележобасы эфирге аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 12:00-де және 19:25-те шығады. Бағдарламаның «Керек дерек» айдарында медицина саласына қатысты терминдер жеңіл тілмен түсіндірілсе, «Шымыр бол!» айдарында түрлі жаттығулар көрсетіледі. «Жатта, есте сақта!» бөлімі бағдарлама қорытындысы ретінде сұрақ-жауап түрінде өтеді.

Жобаның ерекшелігі, бағдарламаға экран алдында отырған көрермендер де атсалыса алады. Ол үшін жаттығу жасап, арнаның ресми парақшасын белгілеп, әлеуметтік желіге жүктеу қажет. Ең үздік бейнежаттығу «Шымыр бол!» айдарында көрсетіледі. Жоба «Balapan» арнасының эфирінен жыл соңына дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT