Коронавирус: Індет ең көп тарайтын кез наурыздың соңына келуі мүмкін – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус індеті ең көп тарайтын кез наурыздың соңында келуі ықтимал. Мұндай болжамды Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар