+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Коронавирус: Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

2020 жылғы 5 сәуір 09:13
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Франция COVID-19 пандемиясына байланысты түрмеде отырғандар санын қасқартып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі RTL-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысына 55 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі Бердібек Сапарбаев Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді Медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын халықтық бақылау құрамыз - Алексей Цой

Наурыздың 16-сы мен сәуірдің 1-і аралығында, Франция түрмелеріндегілер 6 266 адамға азайды. Мұндай игі қадамға елдің Әділет министрлігі бастамашы болып отыр. Бұған себеп - түрмеде отырған бір адам мен надзирательдің коронавирустан қайтыс болуы. Билік өкілдері пандемия түрмені жайлап кетуі мүмкін деп үрейленіп отыр. Францияда бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар өте көп. Жалпы алғанда елдің пенитенциарлық жүйесі 61 мың тұтқынды ұстауға жарайды. Ал 1 сәуірден бастап мемлекеттегі 188 түрмеде 66 309 адам отырған.

Жазаны орындау ұлттық қызметінің соңғы бағалаулары бойынша, сотталған 48 азаматтан коронавирус табылған, 925 адам оқшауландырылған, 300 адам екі апталық карантиннен шықты. Түрмелердегі 42 мың қызметкердің 114-нен қауіпті вирус анықталды.

Тимур Дүйсекеев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT