Коронавирус: Еуропалықтар шекараны жауып жатыр

None
None
ЛИОН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты Еуропада кезекті шектеу шаралары енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Германия үкіметі коронавирус көп анықталып жатқан мемлекеттердің саяхатшыларының елге келуіне тыйым салмақшы. Бұл ретте тізімде Португалия, Ұлыбритания, ОАР, Бразилия сияқты мемлекеттер тұр. Шекарадан өтуге рұқсат тек жүк тасымалдаушыларға ғана берілуі мүмкін.

«Бізге тап қазір әрекет ету керек»,-деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер.

«Қолда бар ақпараттарға қарағанда, біз алдағы уақытта жоспарымызға сәйкес келетін шешімдерді жалпыеуропалық деңгейде қабылдай алмаймыз. Сондықтан да біз қазір ұлттық деңгейдегі шараларды қолға алып жатырмыз», - деді ол.

Жұма күні билік өкілдері өздерінің нақты ұстанымдарын хабардар етеді. Норвегия өзінің шекарасын жабатыны туралы мәлімдеді. Елге кіру тек аса қатты қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етіледі. Билік өкілдері тауар тасымалдауға рұқсат берді. Сонымен қатар Швеция мен Финляндиядан келетін медицина мамандарының елге кіруіне болады.

Премьер-Министр Эрна Сульберг: «Қаңтардың 29-на қараған түні біз Норвегияға кірудің ең қатаң ережелерін енгіземіз. Іс жүзінде шекара біздің елімізде тұрмайтын азаматтардың барлығы үшін жабылады»,-деді.

Ол сонымен қатар аса қажетті тауарлар бұрынғысынша Норвегияға жеткізіле беретінін және ерекше қажет қызмет түрлері де көрсетілетінін айтты. Ал, еңбек мигранттары келесі аптада елге келе алмайды. Бұл тәртіп екі аптадан соң қайта қаралады.

Лондон болса, Біріккен Корольдікке Португалиядан, Оңтүстік Америка елдері мен Африка мемлекеттерінен келушілерге міндетті карантин енгізбек. Адамдар 10 күн бойы мейманханадан шықпай жатады. Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынады.

Мұндағы мақсат – Корольдікке жаңа және өте қауіпті вирус штамдарын жұқтырғандардың ауруды елге таратуының алдын алу. Егжей-тегжейлі жоспарды билік өкілдері келесі аптада ұсынбақ.

Осыған дейін аталған талаптардың Аустралия мен Жаңа Зеландияда да енгізілгені хабарланды.


Соңғы жаңалықтар