Коронавирус: Елордада жұмысшылар арасындағы аурушаңдық 1,7 есеге өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Коронавируспен сырқаттанғандардың негізгі бөлігі, яғни 43,6%-ы еңбекке қабілетті тұрғындар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Динамикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдайлардың 1,8 есеге өсуі байқалады, яғни қаңтарда - 571, ақпанда - 479, наурызда - 871, ал өсу балалардың барлық жас топтарында байқалады. Науқастардың негізгі бөлігі, яғни 43,6%-ы еңбекке қабілетті тұрғындар, жұмыссыздар 22%, мектеп оқушылары 11,3%, ал зейнеткерлер 11,7%», - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, наурызда жұмысшылар арасында аурушаңдық 1,7 есеге, жұмыс істемейтін халық пен зейнеткерлердің аурушаңдығы 1,5 есеге, сонымен қатар мектеп оқушылары арасында 1,6 есеге және студенттер 1,5 есе өскені байқалады.

Еске сала кетсек, елордада соңғы үш күнде коронавируспен ауырғандар саны 2 есе өскен.


Соңғы жаңалықтар