Коронавирус: Елордада медициналық колледж бен академия түлектері науқастарды емдеуге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада медициналық колледж бен академия түлектері коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жіберілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта елордада 3,5 мың дәрігер, 8 мыңға жуық медбике жұмыс атқаруда. Қала тұрғындарының саны 1,2 млн-ға жеткенін ескерсек, әрине, дәрігерлерге үлкен салмақ түсуде. Сондықтан, дәрігерлерге көмек ретінде медициналық оқыту ұйымдарымен келісіп, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жоспар бекітік. Сол жоспарға сәйкес медколледждерден 270-тен астам студент оқуын тәмамдады, дипломын алды және арнайы оқудан өтіп, қазір дәрігерлерге көмектесуді бастап кетті. 15 шілдеден бастап, Медициналық академия түлектерін жұмысқа алатын боламыз, оған да сәйкес жоспарымыз бар», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде .
Сонымен бірге, медициналық кадрларды ынталандыру жұмыстары да жалғасуда.
«Карантин басталған сәттен бері 3 млрд-қа жуық қаражат дәрігерлерге жәрдемақы және сыйақы түрінде жалақы үстіне қосылды. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда», - деді А. Көлгінов.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын 61 адам қайтыс болды.
Қалада КВИ стационары 87% толды.
- Улы өрмекшілер: Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
- Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
- Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
-
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
-
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам