+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Коронавирус екпесінің екі дозасын салдыру не үшін қажет - дәрігер түсіндірді

2021 жылғы 5 тамыз 11:38
Бөлісіңіз:
Коронавирус екпесінің екі дозасын салдыру не үшін қажет - дәрігер түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Вакцинацияның баяу қарқыны коронавирус жұқтырғандар санының одан сайын артуына әкелуі мүмкін. Вакцина вирус мутациясының алдын алады. Бұл туралы Алматы қаласы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда кеншілер мен металлургтер арасында екі автокөлік ойнатылды Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

Емхананың бас дәрігері екпе алғаннан кейін COVID-19 иммунитеті қалай дамитынын және екі компонентті алудың маңызын айтты.

Оның айтуынша, вакцинаны алғаннан кейін адам ағзасы вакцинамен танысады және иммундық жасушалардың екі түрінің жұмысын бастайды: В және Т-жасушалары.

«В-жасушалары антиденені белсенді түрде қалыптастырады, бірақ вакцинаның екінші дозасынсыз бұл иммуноглобулиндердің мөлшері бірнеше аптадан кейін күрт төмендейді. Т-лимфоциттер-иммундық жүйенің негізгі қаруы. Дәл осы Т-жасушалар қауіпті тауып, қоздырғышты жояды. Т-жасушаларының негізгі мәселесі – вакцинацияның бірінші кезеңінен кейін иммундық жүйе Т-лимфоциттердің өте аз мөлшерін жасайды, ал ағза вирусты қабылдауға дайын емес күйінде қалады», - деп түсіндірді Ф. Ағыбаева.

Сондықтан иммундық реакцияның қалған бөлігін іске қосу үшін вакцинаның екінші дозасын алу қажет.

«Қазіргі кезде COVID-19 вакциналарына жүргізілген үлкен медициналық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, екінші доза қорғаныс дәрежесін бірнеше есе арттырады. Израиль ғалымдары коронавирус вакцинасының екі дозасын да қабылдаған пациенттерде қорғаныс 6-12 есе жоғары деген қорытындыға келді. Осылайша, біз вакцинаның екінші кезеңі сенімді қорғаныс үшін аса маңызды екенін көреміз», - деді емхананың бас дәрігері.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күн аралықпен екі кезеңде алу керек.

Бірінші доза антидененің аз мөлшерін өндіруге байланысты тұрақты қорғаныс әсерін қамтамасыз етпейді.

Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антидене мөлшері артады.

Алматының №8 емханасы да үш екпе бөлмесі бар әрі үш мобильді топ жұмыс істейді. Екпе салуды вакциналауға рұқсаты бар 36 медициналық қызметкерден тұратын алты бригада жүргізеді.

«Емханада екпе egov.kz порталы мен тіркелу арқылы алдын ала жазылып, сондай-ақ кезек бойынша, үзіліссіз және демалыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі», - деді Ф. Ағыбаева.

Емхананың егу пунктерінің жалпы өткізу қабілеті - тәулігіне 300-400 адам. Бүгінде мұнда 26 235 адам екпе алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT