Коронавирус: Екі өңір «қызыл» аймақта қалып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі коронавирус ахуалын бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес:

- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы;

- «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары;

- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, бүгінгі мәліметтерді 7 маусымда жарияланған коронавирус бойынша ахуалды бағалау матрицасымен салыстырғанда – өзгеріс жоқ.


Соңғы жаңалықтар