11:24, 19 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Коронавирус: Екі мегаполис пен 6 облыс «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта - Түркістан, Жамбыл облыстары.