+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Коронавирус: eGov.kz порталындағы карта не үшін жасалғаны түсіндірілді

2020 жылғы 27 наурыз 10:37
Бөлісіңіз:
Коронавирус: eGov.kz порталындағы карта не үшін жасалғаны түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев коронавирус жұқтырған азаматтармен тікелей байланыста болған азаматтардың үйлері белгіленген картаның не үшін керектігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды Карантин кезінде мүгедектікті айқындау қалай жүзеге аспақ COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

Айта кетейік, 22 наурызда eGov.kz электрондық үкімет порталында елімізде коронавирустың таралуын, оның ішінде халық үшін қауіпті аймақтарды көрсететін карта пайда болған еді. Олжас Әбішев бұл картаның не үшін жасалғанын айтты.

«Біз осы картаны Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып іске қостық. Жоба алдында әлемнің Қытай, Сингапур, Корея секілді елдерінің тәжірибесін зерттедік. Ол елдер коронавирустың таралуын толығымен тоқтатып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Оның бірінші себебі – аталған мемлекеттер азаматтардың ұялы телефондары арқылы қай жерде орналасқанын электронды түрде бақылау арқылы қол жеткізді. Халықтың қауіпсіздігі үшін біз осы тәжірибені елге енгіздік. Себебі коронавирус адамнан адамға ғана емес, ұстаған телефоны, есіктің тұтқасы немесе лифттің батырмасы арқылы тарай береді. Ағаш немесе цемент болсын – 24 сағатқа дейін сол жерде қала береді», - деді Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-парақшасында шыққан сұхбатында.

Яғни сол картада көрсетілген үйге барсаңыз байқауыңыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға осылайша алдын ала хабарлап, картадағы үйге баратын болса, абайлау керектігін ескертеді.

«Карта әр сағат сайын жаңарып тұрады. Бұл картаны жасауға 45 адам жұмылдырылды. Ал егер карантинде болған адам 14 күннен кейін карантиннен шықса картадағы нүкте автоматты түрде жойылып кетеді», - деді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT